Волейболдан ел чемпионатында Жайық атыраулықтарды камбэкпен ұтты | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ақтөбе қаласында А тобында орталық кездесу «Атырау» мен «Жайық» командалары арасында болды.
Виктор Козик жаттықтыратын оралдықтар өткен жылы ел чемпионы атанғанымен, Қазақстан кубогының жартылай финалында бес сетке созылған тартысты матчта «Атырауға» (бас бапкері Игорь Никольченко) есе жіберген еді.
Қос команда осыған дейін 28 ұпай жинап, ел чемпионатының турнир кестесінде үшінші, төртінші орынды бөлісіп тұрған.
Бұл жолы алғашқы екі партияда Игорь Никольченко шәкірттері дес бермеді – 25:15, 25:20.
Ойын барысын өзгертпек болған Виктор Козик біраз алмастыру жасады. Соның ішінде Петр Чурзин мен Клим Рюхов сәтті қосыла білді.
Оралдықтар камбэк жасап, қалған үш партияны өз есептеріне жазды – 25:19, 25:17, 15:11. Қорытынды есеп – 3:2, «Жайықтың» пайдасында.
Талдықорғанда Алматының «Буревестник» командасы дәл сондай тартысты бәсекеде «Ұшқын-Көкшетаудан» айласын асырды – 3:2 (25:23, 25:23, 35:37, 23:25, 17:15).
Читать полностью
Читать новость