Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Финалда Сергей Трикоз жаттықтыратын «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған) шеберлік байқасты.
Тартысты өткен бәсекеде алдымен Марат Адрышевтің шәкірттері бірінші сетте басымдылық танытты — 25:22. Бұдан кейін алаң иелері камбэк жасай білді — 25:23, 25:22, 28:26.
Сәрсенбі күні қос команда екінші финалдық ойынын өткізеді. «Ақтөбе» ұтса, чемпиондық атаққа қол жеткізеді.
Өткен жылғы ел чемпионы Оралдың «Жайығы» (бас бапкері Виктор Козик) мен Игорь Никольченко жаттықтыратын «Атырау» командасы қола медаль үшін таласқа түсті.
Бірінші партияны оралдықтар (25:19) өз есебіне жазса, екіншісінде атыраулықтар 25:22 есебімен есе қайырды. Дегенмен «Жайық» тағы екі сетті алды — 25:22, 25:23. Қорытынды есеп — 3:1.
Оралдықтар сапында команда капитаны Виталий Вориводин, Владимир Прокофьев, Борис Кемпа, Нодирхан Қадырханов, сондай-ақ ресейлік Никита Алексеев, украиналық байланыстырушы Володимир Ковальчук сәтті ойнай білді.
Осылайша, «Жайық» үшінші орынға бір табан жақындай түсті. Енді екінші бәсекеде жеңіске жетсе, қола жүлдегер атанады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жетісу» мен «Ақтөбенің» Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.