Волейболдан Жетісу ерлер клубы алғаш рет ел чемпионы атанды

24.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Чемпиондық атақты өткен жылғы күміс жүлдегер «Ақтөбе» мен «Жетісу» клубы (Талдықорған) сарапқа салды.

Жеңімпаз үшінші, шешуші кездесуде анықталды. Бұған дейін алдымен Сергей Трикоз жаттықтыратын ақтөбеліктер «Жетісуды» 3:1 есебімен жеңген еді. Дегенмен кеше Марат Адрышевтің шәкірттері дәл сондай есеппен есе қайырды. 

Бұл жолы талдықорғандықтар матчты үш сетте жеңіспен аяқтады — 3:0 (26:24, 25:23, 25:22). Осылайша, «Жетісу» ерлер клубы өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.

Ақтөбеліктер екінші жыл қатарынан күміс жүлдені қанағат тұтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жайық» волейбол клубының Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алғанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ волейболдан Қазақстан чемпионатында «Жетісу» клубы «Ақтөбемен» финалдық бәсекеде таразы басын теңестірді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью