Волейболшы қыздардың жетістігі | Qazaq24.com
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады.. Атырау облысында спортқа бейім оқушылар көп.
Солардың қатарында 2011–2012 жылғы жасөспірім қыздардан құралған волейбол командасы да бар.
Жас ойыншыларды жаттықтырушы Анастасия Щербакова баптап жүр. Команда республикалық сайыстарға былтырдан бері қатыса бастады.
Алдымен Жаңаөзен қаласында өткен еліміздің жазғы чемпионатында бақ сынасып, бесінші орынды қанағат тұтты.
Содан соң Өскемендегі күзгі чемпионатта жүлделі үшінші орынға көтерілді.
Жақында Талдықорған қаласында аяқталған қысқы чемпионатта қарсыластарының бәрін ұтып, бірінші орынға ие болды.
«Жеңіске бірден қол жеткізу мүмкін емес. Жарысқа дайындық барысында ойыншылардың шеберлігін жетілдіруді жан-жақты ойластырдық.
Волейболшылардың психологиялық тұрғыдан төзімділігін нығайттық.
Читать полностью
Читать новость