Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
– Мемлекет басшысының бастамасымен БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жарияланып, елімізде жоғары деңгейде әрі нәтижелі өткізу мақсатында Ұлттық ұйымдастыру комитеті құрылды және ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар аясында 52 іс-шара, оның 12-сі халықаралық деңгейде ұйымдастырылуда. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында БҰҰ Еріктілер бағдарламасының сарапшыларымен бірлесіп, Волонтерлікті дамытудың ұлттық индексін, волонтерлікті заңнамалық деңгейде ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу жұмыстары қолға алынды, - деді министрдіктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Сонымен қатар жауапта жасанды интеллектіні қолдана отырып, цифрлық шешімдер енгізу жоспарланып отырғаны айтылады.
– Атап айтқанда, волонтерлердің жобаларға қатысуын тіркеуге және есепке алуға цифрлық құжатты (волонтердің цифрлық паспорты) ұсына отырып, оларды верификациялауға арналған мобильді қосымшаны осы жылдың аяғына дейін қосу жұмыстары пысықталуда, - деді ведомстводан.
Айта кетейік, жыл басында өткен Волентерлер форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке еріктілер ісін дамыту бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды құжат әзірлеуді тапсырған еді.