Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бүгін Астанада өткен Волонтерлер форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.
Президент волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.
– Волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен пайдалану керек. Мен Жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуға тиіс деген міндет қойдым. Осы бағытта нақты жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, ел өмірінің барлық саласына, соның ішінде жасанды интеллект жүйелері белсенді енгізілуде. Еріктілер қозғалысы да бұл үдерістен тыс қалмауы тиіс.
– Мен волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын, – деді президент.