Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бүгін Астана қаласында Ұлттық волонтерлік желі «Жаңа Конституция жобасын талқылау және қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлік ұйымдардың өкілдері, өңірлік волонтерлік фронт-офистер мен бастамашыл топтар, сондай-ақ серіктестер офлайн және онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында волонтерлік сектордың жаңа Конституцияны талқылауға қатысуы, үкіметтік емес ұйымдардың халықты ақпараттандырудағы рөлі, қоғамдық диалогты дамыту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Парламент Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Ким Вера Александровна Конституция жобасын әзірлеуге азаматтық қоғамның қатысуының маңызын және Конституциялық комиссия жұмысының ашықтығын атап өтті.
«Конституция қоғаммен диалог негізінде қалыптасып жатыр, жабық режимде емес. Жаңа Конституция жобасымен алты ай жұмыс істеу барысында азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялардан және сарапшылардан шамамен 4 мың ұсыныс түсті. Бұл қоғамның енді пассивті бақылаушы емес, саяси үдерістердің толыққанды қатысушысына айналып келе жатқанын білдіреді», деді Вера Ким.
Оның айтуынша, жаңа конституциялық институт − Халық кеңесін енгізу қоғамдық қатысуды нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
«Бұл − мемлекет пен қоғам стратегиялық даму бағыттарын бірлесіп талқылайтын модельге көшу. Қоғам тек талқылау құқығына ғана емес, заң шығару үдерісіне ресми түрде бастамалар енгізу мүмкіндігіне ие болады», деп атап өтті ол.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Джумурбаев Тимур Габдулович жаңа Конституцияның Қазақстан жастары үшін ерекше маңызын атап өтті.
«Қазақстан жастары үшін жаңа Конституцияны қабылдау − аса маңызды қадам. Өйткені оның маңызы бүгінгі және болашақ ұрпаққа тікелей бағытталған. Адамға бағдарлану − жастардың әділ әрі қолжетімді өсу және даму мүмкіндіктерін ашатын жаңа Негізгі заңның басты логикасы», деді Тимур Джумурбаев.
Ол сондай-ақ сындарлы патриотизм, адами капиталды дамыту, білім мен инновация қағидаттарын бекіту жастардың өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, ел дамуындағы рөлін күшейтетінін атап өтті.
Ерқанат Көпжасарұлы: Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады
Өз кезегінде «Медициналық жастар» РҚБ төрағасы, медицина саласының волонтері Әбдіраш Абылайхан Әбдікерімұлы Конституция жобасының әлеуметтік және медициналық аспектілеріне тоқталды.
«Ұсынылып отырған Конституция жобасы адам өмірі мен денсаулығын мемлекеттік саясаттың өзегіне қояды. Отбасыны, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ денсаулық сақтау құқығын бекіту денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен қоғамдық денсаулықты нығайтудың берік құқықтық негізін қалыптастырады», деді Абылайхан Әбдіраш.
Оның айтуынша, медициналық жастар бұл жобаны адамға бағдарланған, әлеуметтік жауапты мемлекет қалыптастыру жолындағы маңызды қадам ретінде бағалайды.
«Жобаның тиімділігі оның іс жүзінде қалай жүзеге асатынына тікелей байланысты. Біз бұл нормалар нақты бағдарламалармен, жеткілікті қаржыландырумен және жас мамандар үшін қолайлы еңбек жағдайларымен қамтамасыз етіледі деп үміттенеміз», деп қосты ол.
Дөңгелек үстел ашық талқылау және еркін пікір алмасу форматында өтті. Іс-шара қорытындысында Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституция жобасын қолдау жөніндегі үндеуді жариялады.
ҮндеуҚұрметті қазақстандықтар! Қазір еліміз маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріп жатыр. Қазақстанның алдағы ондаған жылдардағы дамуын айқындайтын жаңа Конституция жаңғыру сатысында тұр. Волонтерлермен жұмыс барысында біз азаматтардың ел дамуына өз үлесін қосуға деген ынтасының артып келе жатқанын байқаймыз.
Біз, Қазақстанның волонтерлік қауымдастығының атынан, жаңа Конституцияны қолдаймыз. Азаматтық қоғамды дамытуға, волонтерлікті ілгерілетуге және азаматтардың ел өміріне қатысуына маңызды әсер ететін ережелерді атап өтеміз.
Неге біз жаңа Конституция жобасын қолдаймыз? Жаңа Конституция қоғам мен мемлекет арасындағы ортақ міндеттерді шешудегі ынтымақтастықтың негізін қалыптастырады.Біз жаңа Конституцияның келесі бағыттарын қолдаймыз:
Қоғамдық диалог институттары арқылы азаматтық қоғамды дамыту және азаматтардың елді басқаруға қатысуын кеңейтеді Білім беру, ғылым және адами әлеуетті дамытуға басымдық беру, бұл жергілікті қауымдастықтарды нығайтуға және азаматтық бастамалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді Дербес деректер мен цифрлық құқықтарды қорғауды күшейту, бұл әсіресе волонтерлік ұйымдар үшін маңызды Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыру, бұл қоғамның волонтерлік қауымдастыққа деген сенімін нығайтадыАталған бағыттар волонтерлік қозғалыстың құндылықтарымен үндеседі және азаматтық қоғам ұйымдарының тиімді жұмыс істеуіне құқықтық негіз қалайды.
Біздің ұстанымымызБіз жаңа Конституция жобасы азаматтар қоғамдық міндеттерді шешуге белсенді қатысатын жауапты қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз, ал мемлекет бұл үшін қажетті жағдайларды жасайды.
Қазақстанның волонтерлік қауымдастығы атынан Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституцияны іске асыруға, әлеуметтік міндеттердің бір бөлігін шешуге сындарлы түрде қатысуға және мемлекет пен қоғаммен әріптестікте еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдейді.
Әрбір Қазақстан азаматын ел болашағын қалыптастырудағы өз рөлін түсінуге және жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамыз.
Соңғы жаңалықтар
Қызылордада қауіпті шарлардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Оқушы балта ала жүгірген: Құлсарыдағы мектептің директоры қызметінен босатылды
Білім • Бүгін, 11:42
Астана қаласының прокуроры ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:35
«Бизнесіңді жаптырамын»: Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Заң • Бүгін, 11:23
Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Тұлға • Бүгін, 11:17
Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтірген күдікті тергеу изоляторында көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:03
Grand slam турнирінде Қазақстан дзюдошылары үш жүлде еншіледі
Күрес • Бүгін, 10:52
Елорда мен Талдықорған арасында жаңа пойыз қатынайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:32
Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:30
Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:22
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт • Бүгін, 10:13
Қар, жаңбыр, көктайғақ: 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:02
Бангладеште нипах вирусын жұқтырған әйел көз жұмды
Әлем • Бүгін, 09:59
Жаяу жүргінші өткеліндегі қаза: Павлодарлық тұрғындар бағдаршам талап етіп отыр
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:47
Сауда • Бүгін, 09:42