Вячеслав Ким Alatau City де 100 миллион долларлық қоры бар хабты іске қосты

16.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі Alatau City Bank-тің жалғыз акционері Вячеслав Ким Alatau City-де AÑSA HUB атты көпфункционалды хаб құрылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жобаның эндаумент-қоры көлемі 100 миллион долларды құрайды. Ким AÑSA HUB-тың құрылатыны туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында өткен іс-шаралар барысында жариялады.

Хаб Вячеслав Кимнің Alatau City және бүкіл Қазақстан аумағындағы білім беру және инфрақұрылымдық жобаларын іске асырады. Тағы бір бағыт - ғылымды дамыту және коммерцияландыру. Осы мақсатта Қазақстан мен Орталық Азия ғалымдары мен университеттерін, сондай-ақ шетелдік жетекші зерттеушілер және инвесторларды біріктіру жоспарланған.

Сонымен қатар AÑSA HUB инновациялық жобаларға венчурлық инвестициялар салып, сондай-ақ ғылым, өнер, мәдениет және спорт салаларына гранттар бөледі.

"Қазақстан бизнесті дамыту мен өркендетуге бірегей мүмкіндіктер ұсынып отыр. Kaspi.kz секілді бизнес-модельдердің басқа елдерде дәл осылай жұмыс істеуі екіталай десек, артық айтқандық емес. AÑSA HUB-ты құру – менің еліме деген алғысым мен ризашылығымның көрінісі. Мен Қазақстанның әлемге өз таланттарының дамуына барлық жағдай жасайтын, озық ойлы ел ретінде танылғанын қалаймын. Қазақстан мен Alatau City білім алуға немесе инновациялық жобаларды дамытуға ұмтылған дарынды жандардың басын қосатын орталыққа айналуы үшін бар күшімді саламын", – деді Вячеслав Ким.

Бұл ретте AÑSA HUB өкілдері қордың қаржыландыруға лайықты жобаларды өз бетінше іздеп, іріктейтінін баса айтты. Қаржыландыруға өтінімдер қабылдау қарастырылмаған.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

“JD қалтамызда“. Alibaba-ның басты бәсекелесі Алатау жобасына қызығушылық танытты

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью