Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
WhatsApp топтық чаттарға арналған үш жаңа құралды таныстырды. Олар талқылауларды жылдам ұйымдастыруға, дауыс беруді өткізуге және үлкен қоғамдастықтарды басқаруға көмектеседі. Жаңартулар iOS және Android пайдаланушыларына біртіндеп қолжетімді бола бастады, деп хабарлайды Tengri Life.
Сауалнамалар қалай өзгереді?
WhatsApp өз блогында әзірлеушілер сауалнама функциясын жетілдіріп, бірнеше жаңа мүмкіндікті қосқанын хабарлады.
Енді пайдаланушылар келесі әрекеттерді істей алады:
дауыс берудің аяқталу мерзімін белгілеу; қатысушылардың есімдерін жасыру; сауалнама жасалғаннан кейін 15 минут ішінде сұрақты өңдеу.WhatsApp-тың жоспары бойынша, мұндай өзгерістер сауалнамаларды күнделікті тапсырмалар үшін - мысалы, кездесу уақытын, демалыс орнын таңдау немесе ұжымдық шешім қабылдау кезінде ыңғайлы ете түседі.
"@бәрі" командасындағы өзгерістерТоптық чаттарда "@бәрі" атты жаңа команда пайда болды, ол бір хабарламамен барлық қатысушыға бірден хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.
Бұл функция жоспардың өзгергені, маңызды хабарландыру немесе барлығы көруі тиіс басқа да ақпарат туралы жедел хабарлау қажет болғанда пайдалы.
Скриншот: WhatsApp
Егер топта 32-ден астам адам болса, бұл команданы әкімшілер ғана пайдалана алады.
Бұл ретте пайдаланушылар мұндай хабарламаларды өз бетінше басқарып, қажет болған жағдайда оларды баптаулар бөлімінде өшіре алады.
Бұған дейін қатысушыларды бір-бірлеп белгілеуге немесе хабарлама жазылған хаттардың арасында жоғалып кетпейді деп үміттенуге тура келетін.
Чаттарда не өзегереді?Тағы бір жаңарту қолданыстағы чат негізінде жаңа топтық чат құруға мүмкіндік береді.
Барлық қатысушы автоматты түрде қосылады, сондықтан әрқайсысын қолмен шақырудың қажеті болмайды.
Әзірлеушілердің пікірінше, бұл функция іс-шараларды ұйымдастыруға, тосынсый дайындауға немесе негізгі чатта артық хабарлама жазбай-ақ жеке тақырыптарды талқылауға қолайлы болады.
Жаңартулар қашан қолжетімді болады?WABetaInfo мәліметінше, жаңа функциялар бүкіл әлемдегі Android және iPhone қолданушылары арасында таратыла бастады.
Компания толық іске қосылудың нақты мерзімін атаған жоқ. Әдетте мұндай жаңартулар барлық пайдаланушыға бірнеше апта ішінде біртіндеп қолжетімді болады.
Айта кетейік, бұл WhatsApp-тың кейінгі кездегі алғашқы ауқымды жаңартуы емес. Жақында компания қоңырауларға арналған бірнеше жаңа функцияны кезең-кезеңімен енгізе бастады. Пайдаланушылар қосымшаны орнатпай-ақ браузер арқылы қоңырау шалу, қоңырауларды құрылғылар арасында ауыстырып қосу және байланыс сапасын жақсарту мүмкіндігіне ие болды.
Тағы оқыңыз: WhatsApp достар мен жақындардың туған күнін еске салып отырады
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу