Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
WhatsApp 6-дан төмен Android нұсқасы бар смартфондарда жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл туралы WabeTaInfo басылымы хабарлайды, деп жазады Tengri Life.
WhatsApp 6-дан төмен Android нұсқасы бар смартфондарда жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл туралы WabeTaInfo басылымы хабарлайды, деп жазады Tengri Life.
Басылымның мәліметінше, 2026 жылдың қыркүйегінен бастап WhatsApp Android 5.0 және Android 5.1 құрылғыларында жұмыс істемейді. Қолдау көрсетілетін ең төменгі нұсқа Android 6.0 болады.
Қазіргі жағдай қандай?Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта WhatsApp Android 5.0 және одан жаңа нұсқадағы смартфондарда жұмыс істейді, сондықтан оны көптеген құрылғыда пайдалануға болады.
БАҚ-тың жазуынша, пайдаланушылардың бір бөлігі, әсіресе Үндістан, Бразилия және Пәкістанда әлі де ескі телефондарды қолданады. Әлем 16-нұсқаға көшіп жатқанда, олардың көбі Android 10-нан төмен құрылғыларды пайдаланып келеді.
Басылым ақпаратынша, қосымшаның неғұрлым жетілдірілген мүмкіндіктері заманауи технологиялар мен жоғары өнімділікті талап етеді, сондықтан ескі құрылғылар оларды көтере алмауы мүмкін.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді
31 наурыз 16:22 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады
02 сәуір 14:44 1
Осыған байланысты компания жаңа функцияларды енгізуді жалғастыру және қосымшаның жұмысын жақсарту үшін Android-тың кейбір ескірген нұсқаларына қолдау көрсетуден бас тартуды ұйғарған.
Жұмысын қашан тоқтатады?Басылым мәліметінше, жаңа шектеулер 2026 жылдың 8 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Қыркүйекке дейін не істеп үлгеру керек?"WhatsApp бұл өзгерістер әсер ететін пайдаланушыларға ескерту жасап жатыр: қосымшаны ашқан кезде тиісті хабарлама шығады. Онда 2026 жылдың 8 қыркүйегінен бастап қосымша Android-тың кейбір нұсқаларында қолжетімді болмайтыны айтылған. Атап айтқанда, WhatsApp Android 6.0-дан төмен барлық нұсқаға қолдау көрсетуді тоқтатады. Бұл Android 5.0 және 5.1 нұсқасындағы құрылғы иелері жаңартудан кейін қосымшаны пайдалана алмайтынын білдіреді", - деп хабарлайды басылым.
WhatsApp пайдаланушыларына хат-хабарларын жоғалтып алмас үшін чаттарды алдын ала сақтап қоюға кеңес беріледі.
"Пайдаланушылар чат тарихының резервтік көшірмесін тікелей қосымшаның баптауларында Google Drive-қа жасай алады", - делінген ақпаратта.
Өзгерістер тек Android-қа қатысты. iOS-та қосымша 15.1 және одан жоғары нұсқадағы құрылғыларда, соның ішінде iPadOS 15.1 және одан жаңа нұсқаларда жұмысын жалғастырады. Apple пайдаланушылары бұл шектеулерге тап болмайды.
Басылым мәліметінше, егер сізде Android 5.0 немесе 5.1 нұсқасы болса, қосымшаны пайдалануды жалғастыру үшін құрылғыны жаңарту немесе заманауи смартфонға ауысу ұсынылады.
Тағы оқыңыз: WhatsApp-қа жаңа функция қосылады
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу