Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
WhatsApp iOS қосымшасындағы топтық чаттар туралы ақпараттың жаңартылған беттерін біртіндеп енгізе бастады. Интерфейстің жаңа нұсқасы бета-тестілеуге қатысушыларға қолжетімді және ол бұған дейін мессенджердің Android нұсқасында пайда болған, - деп хабарлайды Tengri Life.
Не өзгереді?
Компания блогы мәліметінше, басты өзгеріс - қайта қаралған навигация. Енді топ туралы ақпарат экраны үш қосымша бетке бөлінген: "Қатысушылар" (Members), "Медиа" (Media) және "Баптаулар" (Settings). Сонымен қатар, өзара байланысты параметрлерді біріктіретін екі жеке бөлім - Preferences және Privacy пайда болды.
Компания мәліметінше, өзгерістердің мақсаты - қажетті функцияларды іздеуді жылдамдату және пайдаланушылар үшін баптаулардың ұзын тізімін ықшамдау
Жаңа қосымша беттерде не пайда болды?"Жаңа интерфейс пайдаланушыларға ең маңызды баптауларды бірден көрінетіндей етіп, іздеген нәрселерін тезірек табуға мүмкіндік береді. Параметрлер ұзын тізімнің орнына енді санаттар бойынша реттелген", - делінген хабарламада.
"Қатысушылар" қосымша бетінде енді топ қатысушыларының есімдері мен рөлдері көрсетілген толық тізімі шығады. Әкімшілер бұрынғысынша арнайы белгімен белгіленген. Осы жерден кез келген қатысушының профилін ашуға немесе онымен жеке чатты ашуға болады.
Иллюстрация: wabetainfo.com
"Медиа" қосымша бетінде "Медиа, сілтемелер және құжаттар" мен "Сақталған хабарламалар" (Kept messages) бөлімдері жинақталған. Олардың функциялары өзгерген жоқ - тек орналасуы ауысты.
"Баптаулар" қосымша беті топтық чаттың негізгі параметрлерін, соның ішінде қатысушыларға арналған рұқсаттарды, хабарландыруларды, құпиялылықтың қосымша баптауларын және басқа да опцияларды біріктіреді. Әрбір параметрді өзгерту үшін бұрынғыдай жеке экран ашылады.
Жаңа Preferences және Privacy бөлімдеріСондай-ақ интерфейсте екі қосымша блок пайда болды.
Preferences бөлімі чаттың өзіне қатысты баптауларды біріктіреді:
Chat Theme - нақты чаттың безендірілуін таңдау; Media Visibility - топтағы медиафайлдардың галереяда көрсетілуін баптау; Manage Storage - хат алмасу алып жатқан жад көлемін көру.Компания блогы мәліметінше, бұл функцияларды жеке бөлімге көшіру топ туралы ақпараттың негізгі экранын жеңілдетуге көмектеседі.
"Бұл функцияларды қосалқы бөлімге ауыстыру арқылы WhatsApp топ туралы ақпараттың негізгі экранын ықшамды ете түседі", - делінген хабарламада.
Privacy бөлімі хат алмасу қауіпсіздігіне қатысты құралдарды біріктіреді. Оған чатты биометриялық аутентификация немесе құрылғы паролі арқылы қорғауға мүмкіндік беретін Chat Lock, сондай-ақ сөйлесудің шифрлаумен қорғалғанын тексеруге болатын Encryption бөлімі кірді.
Алдымен Android, енді iPhoneТоптар туралы ақпараттың жаңартылған беттері алғаш рет өткен айда WhatsApp-тың Android-қа арналған бета-нұсқасында пайда болды. Енді ұқсас интерфейсті iOS пайдаланушылары да қолдана бастады.
Компанияның ақпараты бойынша, жаңа нұсқа TestFlight арқылы тестілеу бағдарламасының кейбір қатысушылары арасында таратылып жатыр. Бұл ретте жаңарту біртіндеп енгізіліп жатыр және ол тек бета-тестерлерде емес, App Store-дағы қосымшаның соңғы нұсқасын пайдаланушылардың бір бөлігінде де пайда болуы мүмкін.
Егер жаңа интерфейс әлі қолжетімді болмаса, бұл функцияның мүлдем жоқ екенін білдірмейді. Дереккөздің хабарлауынша, алдағы апталарда ол пайдаланушылардың басым бөлігінде пайда болуы тиіс.
Жаңарту барлық iPhone иелеріне қашан қолжетімді болатынын WhatsApp әзірге нақтыламады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу