Wildberries тегі шабуылдан кейін отандық кәсіпкерлер қанша шығынға ұшырады?

04.08.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: The Moscow Times

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте министр жағдайдың күн сайын өзгеріп жатқанын айтып, қазіргі уақытта нақты мәліметтің жоқ екенін жеткізді.

Оның айтуынша, әзірге шығын көлемі туралы нақты ақпаратты мемлекеттік органдарда да, Wildberries платформасының өзінде де жоқ.

Арман Шаққалиев әлеуметтік желілерде тарап жатқан шығын көлеміне қатысты мәліметтерге сақтықпен қарауға шақырды. Оның сөзінше, мұндай ауқымды оқиғалар жан-жақты тексеріліп, ресми есеп жүргізілгеннен кейін ғана нақты қорытынды жасауға болады.

Украина дрондары Санкт-Петербургке шабуыл жасады

Министрдің айтуынша, Қазақстан билігі Wildberries маркетплейсіне ресми сауал жолдап, елдегі қанша кәсіпкердің осы платформа арқылы сауда жасайтыны және олардың арасында зардап шеккендердің бар-жоғы туралы ақпарат сұратқан.

Сондай-ақ ол Қазақстанның электронды коммерция сатушылары қауымдастығы жариялаған 1,5 млрд теңге көлеміндегі алдын ала шығын әзірге шартты есеп екенін атап өтті. Бұл соманы әзірге растауға да, жоққа шығаруға да ресми негіз жоқ.

Wildberries-тің қоймалары Қазақстан аумағына көшіріле ме? Министрлік жауап берді

Айта кетейік, шілде айының соңынан бері Ресей аумағындағы Wildberries қоймаларына бірнеше рет дрондармен шабуыл жасалды. Осыған байланысты Қазақстан тарапы оқиғаның отандық кәсіпкерлерге ықпалын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады

Еске салайық, бұған дейін Ресейлік Wildberries маркетплейсі Қазақстанда жалпы аумағы шамамен 260 мың шаршы метрді құрайтын қойма кешендерін салып жатқанын хабарлаған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью