Wizz Air топ менеджері енді FlyArystan әуе компаниясын басқарады

18.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

— Air Astana компаниялар тобы 2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan бюджеттік әуе компаниясының Президенті лауазымына Йохан Эйдхагеннің тағайындалғанын хабарлайды. Йохан Эйдхаген FlyArystan компаниясына Wizz Air әуе компаниясынан ауысады, — делінген хабарламада. 

Онда ол бірқатар басшылық қызмет атқарған, соның ішінде соңғы уақытта Абу-Даби қаласында Wizz Air компаниясының басқарушы директоры қызметін атқарды. Wizz Air құрамында ол кадрлар және ESG жөніндегі атқарушы директор, сондай-ақ маркетинг бойынша атқарушы директор лауазымдарын да иеленген. Wizz Air-ге келгенге дейін ол шамамен он бес жыл бойы Nokia компаниясында әртүрлі елдерде басшылық қызметтерде еңбек еткен.

Йохан Эйдхаген Ричард Леджердің орнына келеді. Ричард Леджер Air Astana тобында жаңа басшылық қызметке — серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалады. China Southern Airlines және Air India әуе компанияларымен жуырда жасалған келісімдерді қоса алғанда, кодшерингтік серіктестіктер топтың халықаралық қызметін кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Ричард осы бағыттағы мүмкіндіктерді дамытуға, өңірдің ірі нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге жауапты болады.

— Йоханның Wizz Air компаниясындағы кадрларды басқару, ESG және маркетинг салаларындағы басшылық қызметтерде жинақтаған көпжылдық тәжірибесі мен бюджеттік әуе компанияларының бизнес-моделі туралы терең түсінігі FlyArystan-ның жоғары өсу әлеуетін толық іске асыруына жол ашады. Технологиялық инновациялар FlyArystan үшін әрдайым қызмет сапасын арттырудың, баға мен жайлылық арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың негізгі элементі болып келді. Йоханның жетекшілігімен бұл бағыт жаңа серпін алып, FlyArystan өңірде және одан тыс өз позициясын нығайта түсетініне сенім мол.

Серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президент қызметіне ауысатын Ричардқа алғыс білдіреміз. Ол біздің өсу стратегиямыздың негізгі элементтерінің бірі саналатын кеңейтiлген стратегиялық серіктестіктерді дамыту жұмыстарына жауапты болады.

Сәуір айында бас атқарушы директор қызметіне кірісетін Ибрахим және наурыз айында топқа қаржы жөніндегі атқарушы директор ретінде қосылатын Гонсалу Пирешпен бірге, Air Astana компаниялар тобы өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясын табысты жүзеге асыруды жалғастыратынына сенімдімін, — деді Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер.

Айта кетелік FlyArystan-ға қатысты тергеу басталғаны туралы жазған едік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью