Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
World Athletics ұйымының балаларға арналған ғаламдық Kids Athletics жобасы Қазақстанның Батыс өңірінде жалғасын тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен, сондай-ақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен республика аумағында балалар жеңіл атлетикасын дамыту жұмысын жүзеге асыруда.
Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясы еліміздің батыс өңірлеріндегі бұқаралық спортты дамытып, жеңіл атлетика негіздерін жолға қою мақсатында Kids Athletics жобасын Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында кеңінен танытуды қолға алды. Осы орайда, федерация мамандарынан, Kids Athletics сертификатталған лекторларынан жасақталған команда Орал қаласына арнайы сапармен барып, мектеп оқушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында жеңіл атлетика негіздеріне арналған курс өткізді.
Курсқа облыстағы 120 мұғалім және 48 оқушы қатысып, жеңіл атлетика негіздеріне арналған дәрістер мен практикалық сабақтарды тыңдады. Сондай-ақ, оқушылар арасында жеңіл атлетикадан шағын жарыстар өткізілді.