World Boxing: Азия чемпионаты ширек финалына 21 елдің боксшылары шықты

02.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Құрлықтық додада жарыстың бұл сатысындағы жекпе-жектер 4 сәуірден басталады. Еліміздің құрамасынан 17 былғары қолғап шебері жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Олардың 10-ы ерлер, 7-і әйелдер құрамасының өкілдері болып отыр.

Азия чемпионатында ерлер құрамасы сапында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бақ сынап жатыр.

Қазірге дейін әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Елдос Сайдалин жетекшілігімен құрлықтық додаға елімізден әәйелдер құрамасында Римма, Жазира мен Элинадан өзге Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Енді 4 сәуірде басталатын ширек финалда елімізден өзге 21 мемлекеттен келген боксшылар шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында Үндістан — 19, Өзбекстан — 17, Моңғолия мен Қытай — 12, Жапония — 10, Оңтүстік Корея мен Тайпей — 8, Иордания — 7, Тәжікстан мен Таиланд — 6, Түркіменстан мен Қырғызстан — 5, Солтүстік Корея — 4, Бутан, Филиппин мен Индонезия — 2, БАӘ мен Вьетнам — 1

Құрлықтық дода 30 наурыз — 10 сәуір аралығында өтіп жатыр. Онда 20 салмақта жүлдені сарапқа салынады.

Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында аса ауыр салмақта төрт қазақ сынға түсіп жатқанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью