​WSJ: БҰҰ қаржылық күйреудің алдында тұр

01.06.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

The Wall Street Journal дерегінше, БҰҰ негізгі донорлары — АҚШ пен Қытайдан түсетін төлемдердің тоқтауына байланысты банкроттық шегіне жетті, деп хабарлайды BFM.ru.

АҚШ миллиардтаған доллар төлемеген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) секілді ондаған бағдарламадан шыққан. Вашингтонның қарызы 4 млрд доллардан асады. Қытай өзін ұйымның басты қорғаушысы деп атағанымен, төлемдерді кешіктіріп отыр. Қазіргі қарызы — 445 млн доллар.

Осыған байланысты БҰҰ шығындарды қысқартуға мәжбүр болды: бірқатар кеңселер жабылды, хатшылықтағы 3 мың қызмет орны қысқартылды, аудармашылардың жұмыс уақыты азайтылды. Тіпті штаб-пәтердегі эскалаторлар тоқтатылып, ғимараттағы техникалық мәселелер ескерусіз қалдырылған.

Жалпы ұйымның базалық шығындарының 42%-ы АҚШ пен Қытайдың төлемдеріне тәуелді. Ал Еуропадағы дәстүрлі донорлар — Ұлыбритания, Германия, Швеция және Нидерланд — өздерінің экономикалық саясаттарына байланысты гуманитарлық бағдарламаларға бөлінетін қаржыны азайтып жатыр.

Қазір БҰҰ қарыз ала алмайды, ал басқару құрылымының қызметкерлерді қысқартуға немесе қызметті қайта құрылымдауға өкілеттігі шектеулі.

Бүгін, 12:14

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью