WTA рейтингі жаңарды: Рыбакина мен Путинцева қаншасыншы орында тұр?

03.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Sports.kz

Теннисші Елена Рыбакина 8 056 ұпаймен әлемдік рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды. Ол әлі де Беларусь өкілі Арина Соболенкоға (8 550 ұпай) жол береді. Үшінші орында өткен аптадағыдай америкалық Джессика Пегула (6 625 ұпай) тұр.

Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева (904 ұпай) бір саты төмендеп, рейтингтің 82-орнына жайғасты.

Жұптық сында Анна Данилина (6775 ұпай) алтыншы орнын сақтап қалды.

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді

Еске салайық, осы аптада Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Канададағы Торонто қаласында өтетін WTA 1000 турниріндегі жарыстарын бастайды. Путинцева алғашқы айналымда қытайлық Шуай Чжанмен кездеседі. Ал әлемдік рейтингтегі жоғары орнының арқасында Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, қытайлық Ван Синьюй мен аустралиялық Дарья Касаткина арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

 Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын ТОП-10 теннисшінің қатарына кірді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью