Xiaomi жаңа смартфон шығарды, бірақ чиптердің күрт қымбаттауы сатылымға қауіп төндірді

01.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

CNBC телеарнасының хабарламасына сүйенген Aikyn.kz смартфондардың жад чиптерінің тапшылығы олардың бағасына қалай әсер ететінін талдайды.

Қытайлық компания сенбі күні (28 ақпан) жаңа флагмандық смартфондарын жаһандық нарыққа ұсынды. Алайда дәл осы сәтте жад микросхемаларының күрт қымбаттауы нарыққа үлкен қысым түсіріп отыр.

Жаңа Xiaomi 17 және Xiaomi 17 Ultra үлгілері – қытайлық алпауыттың премиум сегменттегі Samsung мен Apple-ға бәсекелес болуға арналған жоғары санатты құрылғылары. Өнімнің таныстырылымы жад микросхемалары бағасының бұрын-соңды болмаған өсуі жағдайында өтті. Бүгінгі жағдай жалпы смартфон сатылымын төмендетуі мүмкін.

Xiaomi компаниясы Xiaomi 17 Ultra смартфонын 2026 жылғы 2-5 наурызда Барселонадағы Mobile World Congress көрмесінде таныстырады. Әлемдегі үшінші ірі смартфон өндіруші саналатын Xiaomi құрылғылардың бағасын өткен жылғы флагман деңгейінде қалдырды. Xiaomi 17 бағасы 1179 доллар), ал Xiaomi 17 Ultra 1771 доллардан басталады. Бұл – смартфондар үшін аса маңызды жад компоненттерінің бағасы қатты өскеніне қарамастан қабылданған шешім.

Counterpoint Research дерегінше, осы жылдың бірінші тоқсанында жад бағасы 80-90% аралығында өскен. Бұған негізгі себеп – жад чиптерінің тапшылығы және олардың едәуір бөлігінің жасанды интеллектке арналған деректер орталықтарына бағытталуы.

Жад – смартфондағы ең қымбат компоненттердің бірі. Gartner-дің ақпандағы болжамына сәйкес, смартфон бағасы 2026 жылға қарай 13% өсуі мүмкін. Ал IDC агенттігі чип тапшылығы салдарынан смартфон нарығы 2026 жылы 12,9% қысқарады деп болжайды.

Сарапшылардың айтуынша, қымбат телефон сататын компаниялар мұндай қысымға көбірек төтеп бере алады. Олар шығынды премиум сегмент арқылы біршама өтей алады.

Ал Xiaomi кірісінің басым бөлігі орта сегменттегі құрылғылардан түседі. Сондықтан баға өссе, дәл осы сегменттегі сұраныс әлсіреуі мүмкін. Премиум модельдер ол шығынды толық жаба алмауы мүмкін.

IDC-дің вице-президенті Франсиско Херонимо CNBC-ге берген пікірінде:

«Биыл жағдай Xiaomi үшін қиынырақ болады, өйткені компанияның премиум сегменттегі үлесі өте күшті емес. Сондықтан ол Apple мен Samsung сияқты осы сегмент есебінен өзге құрылғылардың төмен маржасын өтей алмайды», – деген.

Өткен қарашада Xiaomi басшылығы 2026 жылы сала смартфон бағасын көтеруге мәжбүр болуы мүмкін екенін ескерткен еді. CCS Insight сарапшысы Бен Вуд та Xiaomi-ге бастапқы және орта сегменттегі модельдердің бағасын көтеруге тура келуі ықтимал деп есептейді.

Xiaomi табысының негізгі бөлігі әлі де тұтынушылық электроникадан түседі. Бірақ компания Қытайда өзінің электр көліктері бизнесін де белсенді дамытып жатыр. Қазір бұл бағыт жалпы сатылымның шамамен төрттен бірін құрайды. Жад тапшылығы жағдайында бұл табыстың маңызды көзіне айналып отыр. Соңғы қаржылық есепке сәйкес, қыркүйекте аяқталған тоқсанда Xiaomi-дің смартфон сатудан түскен табысы жылдық есеппен 3% азайған. Ал электр көлігі бөлімшесінің сатылымы шамамен 200% өскен.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью