Ян Цзинь: Жолдау Қазақстан дамуының жол картасы

27.10.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы - Қазақстанды дамытудың жол картасы. 

Қытайлық сарапшылар осылай деп, пікір білдірді. Құжатта мақсат пен міндеттен бөлек, оларды жүзеге асырудың нақты жоспары анық көрсетілген. Бұл ел келешегі үшін аса маңызды бағдар дейді Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының ғылыми қызметкері Ян Цзинь. Оның сөзінше мемлекет басшысы биылғы жолдауда қазақ-қытай қарым-қатынасына ерекше назар аударған.

Ян Цзинь, Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының бөлім басшысының орынбасары:

- Мен Жолдаумен мұқият танысып шықтым. Президент Тоқаев құжатта 8 рет Қытай туралы айтады. Әрбір атаған сайын екі ел арасындағы стратегиялық серіктестің маңыздылығын көрсеткен. Бұл Қазақстан көшбасшысының қос мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа берген жоғары бағасы деп ойлаймын. Бұл Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтіп отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью