Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, аталған іс бойынша сотталғандар қазіргі уақытта Атыраудағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Сот үкіміне сәйкес, олар жазасын ерекше режимдегі «Қара бүркіт» мекемесінде өтеуі тиіс.
Ресми ақпаратқа сай, Атырау қаласына Ұлттық ұланның арнайы қарауылы сәуір айының басында келеді деп жоспарланып отыр. Осыдан кейін сотталғандар арнайы тізім бойынша кезекпен жөнелтіледі.
— Аталған тұлғаларға қатысты Ұлттық ұланның арнайы қарауылына өтінім өткен аптада жолданды. Қазіргі уақытта олардың жазасын одан әрі өтеу үшін кезең-кезеңімен жөнелту мәселесі күтілуде, — деді департамент бастығының орынбасары Данияр Баятанов.
Еске сала кетейік, Ризуан Хайыржанов пен Алтынбек Катимовқа қатысты сот үкімі 2025 жылдың 17 қарашасында шықты. Сот оларды жәбірленушіні аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Ақпан айында айыптылардың аппеляциялық шағымы қаралды. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.