Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«АЖ» дереккөздерінің мәліметінше, Атырау тұрғыны Яна Легкодимованың өліміне байланысты іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов осы аптада №39 мекемеге – «Қара бүркітке» этаппен жеткізілген. Бұл мекемеде өмір бойына сотталғандар жазасын өтейді.
Бұған дейін олардың нақты қай мекемеде отырғаны жөнінде сұрақтар туындаған еді. «НеМолчиKZ» қоғамдық қоры ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, сотталғандардың №39 емес, Қостанайдағы №76 мекемеде екені туралы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған. Кейбір деректерде олар №76 мекемеде отырғаны айтылған. Алайда бұған дейін ҚАЖК жәбірленуші тарапқа сот үкіміне сәйкес жазасын өтеп жатқанын хабарлаған болатын.
«АЖ»-ға белгілі болғандай, осы аптада екі сотталған да №39 мекемеге («Қара бүркітке») жеткізілді.
Еске сала кетейік, Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Бұл қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлі күнге дейін жұртшылық назарында тұр.
Материал жарияланған сәтте Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен олардың этапталған күні туралы ресми түсініктеме түскен жоқ.
Айгүл МАНСУРОВА
Бүгін, 12:18