Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Атырауда Яндекс Go‑ның «Бірге» тарифі қолжетімді болды.
Яндекс Go Қазақстандағы «Бірге» тарифінің географиясын кеңейтті. Енді ол Атырау, Тараз, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Орал және Қарағанды қалаларында қолжетімді.
Бұл тариф жолаушының бағытымен ішінара сәйкес келетін попутчикпен сапарды бөлісуге мүмкіндік береді. Сервис деректеріне сәйкес, «Бірге» тарифі бойынша жол жүру құны «Эконом» тарифімен салыстырғанда 30 пайызға дейін төмен болуы мүмкін, соның ішінде сұраныс жоғары кезеңдерде де.
2025 жылы Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында Яндекс Go қолданушылары «Бірге» тарифінің арқасында 9 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеген.
Мұндай сапарды тек бір адамға және үлкен багажсыз тапсырыс беруге болады. Автокөлікте бір уақытта екі жолаушы ғана отырады, әрқайсысы жеке тапсырыс рәсімдейді.
Тариф таңдалғаннан кейін сервис автоматты түрде ұқсас бағыттағы попутчикті іздейді. Іздеу тапсырыс рәсімделген сәттен басталып, сапар барысында да жалғасуы мүмкін. Егер сәйкес попутчик табылса, жүргізуші оны жолай алып кетеді. Ал егер табылмаса, жолаушы үшін жол ақысы өзгермейді.
Бұған дейін «Бірге» тарифі Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында қолжетімді болған.
Бүгін, 18:13