Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

23.07.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ғылыми зерттеу Үкімет бекіткен Ясауитану саласын дамыту жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр.

"Хужжат әз-Закирин ли-радд әл-Мункирин" ("Зікірді терістеушілерге қарсы зікір етушілердің дәлелі") атты еңбек Мәскеуге ұйымдастырылған ғылыми экспедиция барысында табылды. Бұхарада жазылған бұл туынды – Ясауи мектебінің тарихын танытатын маңызды жазба дереккөздердің бірі.

Мәдениет және ақпарат министрлігіниің хабарлауынша, қолжазбада сопылық ілім, жария зікір дәстүрі және рухани сабақтастық мәселелері сөз болады. Аталмыш еңбекте Қожа Ахмет Ясауиден, Хакім ата мен Зеңгі атадан бастау алатын және тариқаттың кейінгі өкілдеріне дейін жалғасқан рухани шежіре жөнінде құнды мәлімет қамтылған.

"Бүгінде мамандар қолжазбаның ғылыми сипаттамасын әзірлеп жатыр. Алдағы уақытта оның мәтіні белгілі нұсқалармен салыстырылып, мәтінтанулық талдау жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері ғылыми айналымға енгізілмек", – делінген хабаламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне құнды сыйлық жасаған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью