Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жоспар бірнеше бағыт бойынша 37 іс-шараны қамтиды:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы сыйлықты институционалдық және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету Ғылыми-зерттеу және білім беру бағытындағы жұмыстар Мәдени-ағартушылық және шығармашылық іс-шаралар Ақпараттық-имидждік және халықаралық деңгейде насихаттау Мұраны қалпына келтіру (реставрация)Атап айтқанда, келесі жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланған:
Түркістан қаласында оқушылар арасында дәстүрлі «Ясауитану» байқауының республикалық кезеңін ұйымдастыру Қожа Ахмет Ясауидің шығармалары мен ғылыми еңбектерін басып шығару «Ясауитану» атты халықаралық ғылыми журнал шығару Мектептерде «Yassawi Week» атты апталық іс-шаралар өткізу «Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы: жастар көзқарасы» тақырыбында республикалық эссе байқауын өткізу Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «Ясауи мұрасы және оның түркі әлеміне ықпалы» атты республикалық конференция ұйымдастыру Астана, Алматы және Түркістан қалаларында архивтік материалдар мен қолжазбалар негізінде құжаттық көрмелер өткізу Облыс орталықтарындағы көшелердің немесе даңғылдардың біріне Қожа Ахмет Ясауи есімін беру Отандық және шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде арнайы жобаларды (подкаст, челлендж, бейнероликтер) іске қосу ЮНЕСКО аясында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған халықаралық ғылыми конференция ұйымдастыру Шетел мемлекеттерінде парктерге немесе көшелерге Қожа Ахмет Ясауи есімін беру мүмкіндігін қарастыру Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізуҚаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, жақында Үкімет Ясауи мұрасын ілгерілету жөніндегі жоспарды бекітті.
Ясауи кесенесінің аумағына кіру тәртібі өзгергенін еске саламыз.