Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ұлттық музейде корейлік жаңа медиа суретші әрі композитор Хван Сонджонның «Планетарлық өрім: Теллуриялық ырғақтар мен тоғысқан естеліктер» атты жеке көрмесі ашылды.
Көрме адамның әлемді қабылдау шекараларын зерделейді. Адам мен табиғат, тірі мен өлі, көрінетін мен көрінбейтін, дос пен қас сынды үйреншікті жіктеулерден бас тартуға үндейді.
Іс-шараның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева көрме көрерменге ерекше әсер сыйлап, адам мен табиғат арасындағы байланысты тереңірек түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Қазіргі әлем жаһандық өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер кезеңін бастан өткеріп отыр. Осындай уақытта өнер адамзаттың табиғатпен, технологиямен байланысын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін бірегей кеңістікке жол ашады. Хван Сонджонның шығармашылығы да дәл осы өзара байланысты жаңа қырынан пайымдауға шақырады. Мұндай жобалар Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтып, заманауи өнер саласындағы халықаралық диалогтің дамуына ықпал етеді деп сенемін», деді Ақмарал Ибраева.
Кейінгі бес жыл бойы автор табиғат ырғақтарына, адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуіне негізделген шығармалар арқылы «Tanhamu» атты көркем тұжырымдамасын дамытып келеді. Оның жұмысында адам мен өзге тіршілік иелері дене, табиғат, технология және экология арасындағы үздіксіз өзара ықпалдастықта әлемді қалай бірге сезіне алатыны зерттеледі. Автор шығармаларында әлемге «біз бұл планетада бір-бірімізді қалай сезіне аламыз? Бізді қандай ырғақтар мен тыныс біріктіреді?» деген сауал қояды.
Корея Республикасы елшілігі Корей мәдени орталығының басшысы Ку Бон-чоль екі ел арасындағы мәдени байланыстың одан әрі дами беретініне тоқталды. Ал көрме авторы Хван Сонджон Ұлттық музейге, Корей мәдени орталығына және барлық қатысушыларға алғыс айтты.
«Мен өз шығармаларымда мицелий желілерін, нейрондық жүйелерді, экологиялық үдерістерді көбіне метафора ретінде емес, ойлау тәсілі ретінде қарастырамын. Олар ақыл, жады мен сезіну бір ғана тіршілік иесіне тиесілі емес, керісінше байланыстар арқылы таралатынын көрсетеді. Көрмені тамашалағанда сіздер тек қараумен шектелмей, тыңдап, сезініп, бәлкім өз қабылдауыңыздағы нәзік өзгерісті байқайсыздар деп үміттенемін. Себебі бізді байланыстыратын нәрсе – толық түсінікті болмаса да, бірге сезінуге болатын құбылыс болуы мүмкін», деді суретші.
Сөз соңында Хван Сонджон жиналған көпшілікке визуалды әрі дыбыстық композициясын ұсынды.
Жалпы, көрме экспозициясында оннан аса бейне, дыбыс, қозғалыс және визуалды образдарды біріктіретін мультисенсорлық кеңістік ретіндегі туынды ұсынылды. Автор инсталляциялар мен дыбыстық композициялар арқылы табиғат ырғақтарын сезінуге мүмкіндік беретін ерекше орта қалыптастырып, көрерменді планеталық экожүйедегі барлық элементтердің өзара байланысы туралы ойлануға шақырады.
Көрме 24 мамырға дейін созылады.
Соңғы жаңалықтар
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Руханият • Бүгін, 08:45
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ғылым • Бүгін, 08:40
Тарих • Бүгін, 08:35
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Ғылым • Бүгін, 08:30