Ыстамбұлда нөсер салдарынан екі адам із түзсіз жоғалды

19.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Түркияның Ыстамбұл қаласында толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкелді. Пендик ауданында көлікті су ағызып әкетіп, екі адам із-түзсіз жоғалды.

Оқиға Гөчбейлі ауданында болған. Нөсер салдарынан өзен арнасынан тасып, ішінде үш адам отырған автокөлікті су ағызып әкеткен. Жолаушылардың бірі өз күшімен құтылып, ауруханаға жеткізілді. Қалған екі адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қалада нөсер салдарынан жолдарды су басып, көлік қозғалысы қиындаған. Кейбір тұрғын үйлердің маңында жер опырылып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Іздеу-құтқару жұмыстарына AFAD, AKUT, өрт сөндірушілер мен жандармерия қызметкерлері жұмылдырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью