Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға Ыстанбұл, Анкара, Анталия, Измир және Бурса қалаларында білім алатын қазақстандық студенттер қатысты.
Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ғылыми-академиялық қауымдастықпен қоса, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ түрлі елдерден келген жастар жиналды.
Фото: ҚР СІМІс-шара барысында қонақтар қазақтың ең кең таралған дәстүрлі тағамдарының бірі — бауырсақтың дәмін татып көрді. Сонымен қоса, қазақ асханасының өзге де ұлттық тағамдары ұсынылып, қатысушылар дәмін сезініп қана қоймай, Қазақстанның бай мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Фото: ҚР СІМФото: ҚР СІМ— Конкурстың негізгі мақсаты — бауырлас Түркияны дәстүрлі қазақ асханасымен таныстырумен қатар, шығармашылық бәсекелестік арқылы достық пен өзара ауызбіршілік атмосферасын қалыптастыру болды. Әрбір команда бауырсақтың дәстүрлі рецепттері мен дайындау техникасын көрсетті, — делінген хабарламада.
Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл және Ыстанбұл Кент университетінің ректоры Неджметтин Атсу құттықтау сөз сөйлеп, мұндай шаралар бауырлас қазақ-түрік халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, ортақ дәстүрлерді танытуда маңызды екенін атап өтті.
Осыдан бұрын Ыстанбұлда Түркі мемлекеттері ұйымы cыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысы өткенін жазғанбыз.