Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
"Қазгидромет" бейсенбі, 27 тамызға арналған қалалар бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Елдің оңтүстігінде аптап сақталады, солтүстікте жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі, батыста да кей жерлерде жауын-шашын болуы мүмкін. Шығыста күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 метр секунд. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап болады.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 метр секунд. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап болады.
Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 метр секунд. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап болады.
Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап болады.
Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін аптап болады.
Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан батысқа қарай ауысып 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап болады.
Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін аптап болады.
Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Атырау - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен түнде 1-6, күндіз 6-11 метр секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 29-31 градус жылы.
Орал - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.
Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.
Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.
Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.
Қостанай – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16 жылы, күндіз 24-26 градус жылы.
Көкшетау - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-18 метр секунд. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.
Петропавл - бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы түнде 9-14, күндіз 15-20, екпіні 25 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.
Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 4-9 метр секунд. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.
Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан шығысқа ауысып 4-9 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.
Бұған дейін синоптиктер 1 мамырдан бастап бейсенбі, 27 тамызға Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жариялады. Өңірлерде желдің күшеюі, найзағай мен жаңбыр болжанады, сондай-ақ төтенше өрт қаупі сақталады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу