Юлия Путинцева Аустралиядағы жарыстың екінші айналымына шықты

13.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Доданы іріктеу сайыстарынан бастаған Ю.Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 93-ракеткасы, мажарстандық Далма Галфиге тап келді.

Қарсыластар осыған дейін екі рет кездесіп, онда Путинцева жеңген еді. 

Бұл жолы екі сет те 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.

Сағат жарымға созылған бәсекеде Путинцева 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың екеуін мүлт жібермеді. Галфи 4 эйс жасағанымен, 2 брейк-пойнтты пайдалана алмады.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 222-орындағы Дмитрий Попко Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысында әлемнің 113-ракеткасы, америкалық Маккензи Макдональдқа тартысты матчта жол берді – 7:6 (7:4), 4:6, 5:7. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның теннистен әлемдегі үздік елдердің қатарына енгенін жазған едік. 

Александр Шевченко Аделаида турнирінде азулы қарсыласын камбэкпен жеңді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью