Юлия Путинцева Индиан Уэллс турнирінде әлемнің экс 2 ракеткасын жеңді

05.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемдік рейтингіде 2022 жылы 2-орынға дейін көтерілген, қазіргі кезде 106-сатыда тұрған испаниялық Паула Бадосаға тап келді.
Осыған дейін қарсыластар өзара бес рет кездессе, соның төртеуінде Бадоса жеңген еді. Бұдан екі жыл бұрын Цинциннати жарысында испаниялық теннисші 6:4, 6:4 есебімен басым түскен.

Оған қоса П.Бадоса 2021 жылы Индиан-Уэллсте чемпион атанған еді. 
Бұл жолы бірінші партияны Путинцева 6:4 есебімен өз есебіне жазды.
Екінші сетте Юлия 3:0 есебімен алға кетті. Бадоса есепті қысқартқанымен, қазақстандық теннисші матчты жеңіспен түйіндей білді — 6:2.

Жалпы, соңғы кезде спорттық жолында сәтсіздікке ұшырап жүрген испаниялық теннисші матч барысында жиі қателесті. Соның ішінде доп бергенде он рет қосарлы қателікке бой алдырды.

Бір сағат 24 минутқа созылған бәсекеде Путинцева эйс жасамағанымен, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Бадоса 4 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 17-ракеткасы, даниялық Клара Таусонмен таласады.

Өткен жылы Ю.Путинцева екінші айналымнан аса алмаған еді.
15 наурызда мәресіне жететін аталмыш жарыстың жалпы жүлде қоры 9,4 млн астам АҚШ долларына бағаланған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирінде табысты өнер көрсете ала ма, соны жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью