ЮНЕСКО алаңында Қазақстанның тарихи мұраны цифрландыру жобалары жоғары бағаланды

16.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Іс-шараға Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 16 елден 29 өкіл мен бақылаушы жиналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстан атынан  Ұлттық кітапханасының Ақпараттық ресурстар қызметінің басшысы Толқын Замзаева қатысып жатыр.

Семинар бағдарламасында халықаралық сарапшылардың дәрістері мен тәжірибелік сабақтары қамтылған. Қатысушылар құжаттық мұраны сақтау тәсілдерін, номинациялық өтінімдерді әзірлеу тәртібін және құжаттарды ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық тізіліміне енгізу талаптарын меңгеріп келеді.

Жиында әр елдің осы бағыттағы тәжірибесі мен ұлттық жобаларына айрықша мән берілді. Қазақстандық өкіл халықаралық сарапшыларға құжаттық мұраны сақтауға арналған отандық жобаларды таныстырды.

Семинар қазақстандық мамандардың шетелдік әріптестерімен кәсіби байланысын кеңейтуге, озық тәжірибелерді зерделеуге және еліміздің құжаттық мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью