Юрий Гагариннің ұшқанына 65 жыл: Президенттік орталықта ғарыш жәдігерлері таныстырылды

09.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Шарада қазақ ғарышкерлері пайдаланған бірегей жәдігерлер мен құнды архивтік құжаттар көпшілік назарына ұсынылды.

Көрменің басты мақсаты – ғарыш саласының даму эволюциясын көрсету және Қазақстанның әлемдік космонавтикадағы тарихи рөлін айшықтау.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Экспозицияға 30-ға жуық сирек кездесетін экспонат пен 60-тан астам архивтік материал қойылған. Олардың арасында Ресейдің Ғарыш музейі мен Байқоңыр ғарыш айлағы музейінен әкелінген құнды жәдігерлер бар.

Президенттік орталықтың көрмелерді ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Жібек Жүзенованың айтуынша, көрмеге қойылған әрбір заттың тарихи маңызы зор.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

– Мұнда ғарышта болып қайтқан Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтің тулары, Тоқтар Әубәкіровтің ұшу костюмі мен қолғабы қойылған. Ерекше тоқталып өтетін жәдігер – Талғат Мұсабаев алғаш ғарышқа ұшқанда өзімен бірге алып барған Құран кітабы мен Байқоңыр жерінің капсуласы. Сондай-ақ 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығында Халықаралық ғарыш станциясына жеткізілген арнайы мөрі бар ту да келушілердің қызығушылығына бөленді, – дейді Жібек Жүзенова.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform Фото: «Ғарыш әлемі» көрмесі Виктор Федюнин/ Kazinform

Көрменің ашылуына Байқоңырдың құрметті азаматы, ғарыш саласының жылнамашысы Сара Нұрғалиева арнайы қатысып, Президенттік орталықтың қорына өз кітаптарын тарту етті. 33 жыл ғұмырын Байқоңырда өткізген журналист қазақ ғарышкерлерінің алғашқы сапарын еске алды.

– 1991 жылдың тамызында, Кеңес Одағы ыдырап жатқан тұста Байқоңыр Қазақстанның меншігіне өтті. Біз Тәуелсіздік декларациясын желтоқсанда қабылдадық, ал Тоқтар Әубәкіров қазан айында ғарышқа ұшты. Біз Тәуелсіздікті жерден бұрын ғарышта алғандай болдық. Бүгінде Байқоңыр – Қазақстанның бренді, – деді Сара Нұрғалиева.

Айта кетейік, бұған дейін 2029 жылы «KazSat-3» спутнигін алмастыратын жерсерік ғарышқа ұшатынын хабарлаған едік.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью