Zagreb Open : Белградта өткен турнире алты балуанымыз жүлдегер атанды

11.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сербияның астанасы – Белградта күрес түрлерінен «Zagreb Open» турнирі аяқталды. Дунай мен Сава өздерінің сағасында орналасқан шаһардағы жарыста Қазақстанның 30-дан аса балуаны күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz

Еркін күрес шеберлерінің сайысында жалғыз Камиль Круглиев (97 кг) өнер көрсетті. Кіл мықтылар жиналған жарыста жас дарынның жолы болмады. Бастапқы бәсекеде Круглиев мажарстандық Ричард Вехке есе жіберді. Ал ол өз кезегінде Олимпия ойындарының жеңімпазы, әлемнің үш дүркін чемпионы, ирандық Хасан Язданидің алдында дәрменсіздік танытты. Сөйтіп, жерлесіміз үшін жарыс аяқталды.

Әйелдер күресінен өткен бәсекеде құрлықтық деңгейдегі додаларда жүлде алып жүрген Зейнеп Баянова (50 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Гүлмарал Еркебаева (76 кг) және қыздар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Нилуфар Раимова (57 кг) белдесті. Алғашқы айналымда Зейнеп ресейлік Елизавета Смирноваға еш қайрат көрсете алмады. Ирина мен Гүлмарал жапониялық Нонока Озаки мен Ясуха Матсукиден ұтылды. Нилфур үндістандық Маниша Манишаға есе жіберді.

Грек-рим күресінен 27 балуанымыз бозкілемге шықты. Солардың арасынан бесеуі ғана жеңіс тұғырына көтерілді. 50 кг салмақтағы Аманғали Бекболатов пен Ербол Қамалиев үшінші орын үшін сайыста әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, жапониялық Юи Шиотани мен жастар арасындағы кадеттер мен жастер арасындағы әлем біріншілігінің финалисі, ирандық Сажад Жавид Аббаспоурганиден айласын асырды. 72 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Алматбек Аманбек шешуші тұста құрлық чемпионы, өзбекстандық Аброр Атабаевты жолынын ығыстырды. 82 кг салмақтағы Ибрагим Магомадов америкалық Джесси Портерді ұтты. Аса ауыр салмақтағы Олжас Сырлыбай грузиялық Рати Таликишвилиден басым түсті.

Жоғарыда есімдері аталған жерлестеріміздің барлығы да қола медальді иеленсе, 97 кг салмақтағы Ислам Евлоевқа күміс жүлде бұйырды. Жартылай финалда әлем және Еуропа чемпионаттарында екі рет жүлде алған Сербияның атақты балуаны Михаил Каджаяны қапы қалдырған отандасымыз финалда әлем чемпионатының финалисі, 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионы, мажарстандық Алекс Шокеден жеңілді.

Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады

Бір өкініштісі, осы жарысқа қатысқан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев (82 кг), әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали (63 кг) және әлем чемпионатының жүлдегерлері Ержет Жарлықасын (67 кг) сынды белді балуандарымыз жүлделі орындардан тыс қалды. Саңлақтарымызға жаңа салмақ жақпады. Алғашқы айнылымда Ержет түркиялық Мұрат Фиратқа, ширек финалда Айдос молдовалық Виталий Еременкоға және Демеу ирандық Мұхаммед Реза Мохтаридің осал тұсын таба алмады.

Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді

Соңғы жаңалықтар

Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады

Спорт • Кеше

Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді

Спорт • Кеше

Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті

Олимпиада • Кеше

Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты

Олимпиада • Кеше

Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

Оқиға • Кеше

Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

Президент • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді

Ата заң • Кеше

Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Аймақтар • Кеше

Эльвира Әзімова: Жаңа Конституция Қазақстандағы әділдік, тұрақтылық және қоғамдық сенімнің берік іргетасына айналады

Ата заң • Кеше

Айдарбек Қожаназаров: Жаңа Конституция мемлекеттің дербес таңдауын және кемелдігін айғақтайды

Қоғам • Кеше

Референдумның қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстан • Кеше

Асхат Рахымжанов: Жаңа Конституция азаматтардың елдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді

Ата заң • Кеше

Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

Спорт • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью