Захира Бегалиева: Қуатты ауыл адамы қорғалған ауыл

06.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Оның айтуынша, партияның негізгі ұстанымы – халықпен бірге болып, тұрғындардың күнделікті тұрмысында кездесетін мәселелерді шешуге ықпал ету.

«Халықпен бірге болу – бұл жай ғана ұран емес. Ол – адамның нақты өмірін көру. Әлеуметтік саясат дегеніміз – жәрдемақы ғана емес, адамның денсаулығы, отбасы, қауіпсіздігі, жұмысы және баласының болашағы», деді Захира Бегалиева.

Спикер ауыл мен қала тұрғындарының құқықтары бірдей болғанымен, мүмкіндіктері әрдайым тең емес екенін айтты. Оның сөзінше, көптеген ауылдарда дәрігерлер жетіспейді, ал кейбір тұрғындар сапалы медициналық көмек алу үшін аудан немесе облыс орталығына баруға мәжбүр.

С.Егізбаев: Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау үш жылда он бір есеге артты

Захира Бегалиева партия қатарына Өскемен қаласында өткен «Біз өмір сүреміз!» инклюзиялық фестивалінен кейін қосылғанын айтып, осы бағыттағы тәжірибесін халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге арнайтынын жеткізді.

Ол ауылдағы медицина, оңалту және әлеуметтік қызметтерді дамытуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

«Телемедицина ауылдағы адамға қалаға бармай-ақ дәрігердің кеңесін алуға мүмкіндік береді. Ал жасанды интеллект қай өңірде қандай қызмет жетіспейтінін анықтап, шешім қабылдауды жеңілдетеді. Бірақ ең бастысы – барлық технология адамға қызмет етуі керек», деді спикер.

Сонымен қатар ол инклюзивті саясаттың тиімді жүзеге асуы үшін өңірлердегі жағдайға тұрақты мониторинг жүргізудің маңызын айтты. Оның пікірінше, «Ауыл» партиясы бұл бағытта халықтың нақты мәселелерін анықтайтын қоғамдық алаңға айнала алады.

«Қуатты ауыл – тек өндірісі бар ауыл емес. Қуатты ауыл – адамы қорғалған ауыл. Қуатты өңір – тек экономикасы дамыған өңір емес, медицинасы, әлеуметтік қызметі және отбасыға қолдауы бар өңір», деді Захира Бегалиева.

Сөз соңында ол әлеуметтік саясат азаматтың қай жерде тұратынына тәуелді болмауы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, қала мен ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке, білімге және әлеуметтік қолдауға тең қолжетімділігі ғана өңірлердің тұрақты дамуына негіз болады.

Д.Рахымбек: «Біздің мақсат – ауылдан кету емес, ауылға оралу»

Захира Бегалиева делегаттарды партияның сайлауалды бағдарламасын қолдауға шақырып, оның әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью