Зайсанда 33 жылқыны ұрлағандар ұсталды

16.07.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

ШҚО-дағы Зайсан ауданында криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. 

Тергеу барысында олардың еркін жайылымда жүрген 33 бас жылқыны ұрлағаны анықталды. Жәбірленуші – жергілікті тұрғын, келтірілген шығын 30 млн теңгеден асқан.

Полицияның жедел әрекетінің арқасында ұрланған мал табылып, заңды иесіне толық қайтарылды. Тергеу кезінде күдіктілердің осы жылдың мамыр айында тағы 30 жылқыны ұрлауға әрекет жасағаны белгілі болды, бірақ ол кезде қылмыс дер кезінде тоқтатылған.

Қазір тергеу амалдары жалғасуда, күдіктілердің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Полиция мал иелеріне сақ болуға, жайылымдағы малды бақылауда ұстауға және жоғалған жағдайда дереу хабарлауға кеңес береді.

Бүгін, 15:18

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью