Залал 120 млн теңге: Атырауда жалған білім беру ұйымын құрған құрылтайшы 6 жылға сотталды

14.03.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Атырауда сот "Lets School" мектебіне қатысты қылмыстық іске нүкте қойды, деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасы.

Қылмыстық істі Атырау қаласының №2 соты қарады. Мектеп құрылтайшысы Қылмыстық Кодекстің 190-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ 6 жыл мерзімге қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

"Сотталушы қасақана, пайдакүнемдік ниетпен жалған білім беру ұйымын құрған. Оның қызметін жүзеге асыру арқылы азаматтарды адастырған. Нақты көрсетілген шарттар мен міндеттемелерге сәйкес келмейтін білім беру қызметтерін көрсету сылтауымен олардың ақшалай қаражатын заңсыз иемденген", - дейді сот.

Заңға қайшы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 120 миллион теңге көлемінде аса ірі материалдық залал келтірілген. Аталған соманы толық көлемде өндіріп алу соттың айыптау үкімімен міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью