Залал 2 млрд теңге: Қарағандыда заңсыз кен өндіріп, шетелге шығарғандар сотталды

08.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады.

"Өңірде кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды. Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген", - делінген хабарламада.

Үш күдікті қамауға алынып, 360 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.

Аталған қылмыстық іс бойынша прокуратура органдары мемлекеттік айыптауды қолдады. Қарағанды облысының Шет аудандық сотының қарауының нәтижесінде үш сотталушы жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью