Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АЛМАТЫ, 7 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанда шілде және тамыз айларында 140 адам сыбайлас жемқорлыққа күдікті болды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Екі айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 201 іс тіркелген.
"Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты болды. Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды", - дейді комитет.
126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сотқа жіберілген. Залал 3,7 млрд теңге.