Залал 66 миллион теңге: жеке клиника басшысы тегін тіс емдеуге бөлінген ақшаны қалтасына басқан

05.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жеке стоматологиялық клиникаларының директоры "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-пен жалпы сомасы 450 миллион теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасқан.

Шарт талаптарына сәйкес клиникалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге міндеттенген.

"Алайда күдікті медициналық ақпараттық Damumed жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәлімет енгізген. Нақтысында медициналық қызмет пациенттерге көрсетілмеген. Заңсыз әрекеттеріне заңдылық сипат беру мақсатында күдікті дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде ортодонтиялық көмек көрсетудің 4 597 расталмаған жағдайы анықталды. Келтірілген залал сомасы 66 миллион теңге болған.

"Сот санкциясымен банктік шоттардағы 23 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа, сондай-ақ құны 29 миллион теңгеге стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды. Тергеу барысында күдікті 11 миллион теңге көлемінде залалды өтеген. Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - дейді ҚМА өкілдері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью