Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Күні кеше жарияланған Конституция жобасы қоғам арасында қызу талқыланып жатыр. Желіде жазылып, айтылып жатқанның көпшілігі риясыз жанашырлықпен жасалған азаматтық ұстанымның көрінісі деп білемін әрі бұл оң құбылыс. Мемлекеттің іргесін кестелейтін Негізгі заңның азамат атаулыны бейжай қалдырмағаны заңдылық.
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
Қолданыстағы Ата заң қабылданғалы 30 жылдан астам уақыт өтті, ел есейді, қоғам өзгерді, төңірегіміздегі жағдай күрделеніп, әлемдік тәртіп күйзеліске түсті… Оның бәрін көзі ашық, көкірегі ояу отандастарымыз терең түсініп, жұмылуға ұмтылып отыр.
Осынау тамырлы түйткілдер жауапсыз қалмасы анық еді. Көп күрсініп, бір көтерген жүгіміз бұл. Жаңа жоба ел ішіндегі көпжылғы мәселелердің шешімі ретінде ұсынылды. Өткеннің керегі қалып, бүгінгіге қажеттісі тың жаңалық болып еніп жатыр. Ішкі сұраныс пен айналадағы жағдайдың арасындағы теңгерімді әрі салмақты жол құжат тарауларына түсті. Бұл құжат – уақыттың өзі қойған талапқа берілген жауап.
Сол сұраныстың бірегейі Әділдік еді. Әділетті Қазақстан тұжырымы, Заң мен Тәртіп қағидаттары Негізгі заң жобасының басында-ақ тайға таңба басқандай шегеленді.
Рас, Әділдік, Заңдылық пен Тәртіп бүгін қоғам үшін де, азамат үшін де, мемлекет үшін де кезек күттірмейтін мәселе. Тұрақсыз әлемде тұрақты ел болып қалу оңай шаруа емес. Жүз құбылған құрлықтың ортасындағы ел үшін 95 баптың арасында ұлт мұратын өрнектеу де жеңіл болды дей алмаймын. Өткелде бүгін тұрған ұлт мүддесінің бір көрінісі десе де болады мұны. Осы жерде ойшыл Абайдың «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға…» деген өлең жолдары еске түседі.
Бұл тұрғыда ұрпақ тәрбиесі мәселесі өзектілігін анық байқатады. Конституция жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтауға, мәдениет пен білімге, ғылым мен инновацияға басымдық берілгенін көрдік. Бұл баптар біз мұрат еткен келешекті жас ұрпақтың бойына барынша сіңіруге жол ашатын зор мүмкіндік. Олай болса, келер буын өз заманында нық жүріп, озық дамуына берік ірге қалауымыз шарт.
Өз басым ұсынылған құжатты қадамдап тұрып алға бастайтын меже деп қабылдаймын. Осынау жолдың сәтін салар бір ғана дүние бар – бекем бірлік. Асыл бабаларымыз айтпақшы, ауызбіршілігімізге берік болсақ, алынбайтын асу, бағындырмайтын биік болмайды.
Абзал НҮКЕНОВ,
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Соңғы жаңалықтар
Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:58
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:43
Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті
Экономика • Бүгін, 12:33
Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 12:09
FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:28
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:17
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қоғам • Бүгін, 11:07
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Әскер • Бүгін, 10:57
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қоғам • Бүгін, 10:38
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Технология • Бүгін, 10:28
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Спорт • Бүгін, 10:17