Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Атырауда әйел аккомпаниатор қызметінен конкурстық іріктеуден өтпегеннен кейін босатылған. Жұмыс берушінің ескертулері қатарында дауыс қою деңгейінің жеткіліксіздігі мен музыкалық білімінің төмендігі болған. Алайда сот жұмыстан босатуды заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дауысына байланысты іріктеуден өтпеді
Іс материалдарына сәйкес, әйел мемлекеттік мекемеде аккомпаниатор болып жұмыс істеген. 2025 жылғы 28 тамыздағы хаттамамен рәсімделген шешімге сәйкес, талап қоюшы іріктеуден өтпеген.
Бұған оның дауыс қою деңгейінің жеткіліксіздігі және музыкалық білімінің төмендігі туралы ескертулер негіз болған. Аталған шешімнің негізінде жұмыс беруші талап қоюшымен жасалған еңбек шартын бұзған.
Анықтама: Аккомпаниатор - жеке орындаушыларға, хорға, бишілерге, аспапшыларға немесе шығармашылық ұжымдарға музыкалық сүйемелдеу жасайтын музыкант.
Жұмыстан шығару кезінде мекеме жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуды көздейтін Еңбек кодексі нормаларына сүйенген.
Неге сот жұмыстан шығаруды заңсыз деп таныды?Әйел жұмыс берушінің шешімімен келіспей, сотқа жүгінген. Ол бұйрықты заңсыз деп тануды, бұрынғы жұмысына қайта алуды және бос жүруге мәжбүр болған барлық уақыты үшін орташа жалақысын өндіруді сұраған.
Істі қарау барысында қызметкердің біліктілігінің жеткіліксіздігі аттестаттау нәтижелерімен расталмағаны анықталды.
Сот мұндай жағдайда жұмыс беруші Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа алуы тиіс екенін атап өтті. Аталған норма қызметкерді біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі негізінде жұмыстан шығаруға мүмкіндік береді. Алайда бұл сәйкессіздік аттестаттау нәтижелерімен расталуы қажет.
Жұмыстан босату негізі тиісті дәлелдемелермен расталмағандықтан, сот жұмыс берушінің әрекеттерін заңсыз деп таныды.
Әйел жұмысқа қайта алындыНәтижесінде сот талап арызды толық қанағаттандырды. Еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды.
"Талап қоюшы бұрынғы жұмысына қайта алынып, сондай-ақ жұмыс берушіден бос жүруге мәжбүр болған бүкіл уақыты үшін жалақысы өндірілді", - делінген Атырау қалалық сотының хабарламасында.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Оралда осындай жағдай болған. Ер адам жұмыс орнында үш сағаттан аса уақыт болмағаны үшін жұмыстан шығарылған. Алайда жұмыс беруші тәртіптік жаза қолданар алдында қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етпеген. Ал еңбек заңнамасына сәйкес, мұндай түсініктеме алынуы тиіс.
Сот жұмыстан шығаруды заңсыз деп танып, ер адамды бұрынғы қызметіне қайта орналастырған. Сондай-ақ жұмыс берушіні оған бос жүруге мәжбүр болған бүкіл уақыты уақыты үшін 2,3 миллион теңгеден аса ақша төлеуге міндеттеген.
Тағы оқыңыз: Жалақы, жұмыстан босату: жұмысқа орналасқан кездегі сынақ мерзімі туралы не білу керек?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу