Заң мен тәртіп : Алматы полициясының қызметіндегі басым бағыттар айқындалды

17.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков Алматы қаласы Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министрдің орынбасары мегаполистегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы полиция жұмысының барысымен танысты.
Сондай-ақ қаладағы жедел ахуал, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Полиция қызметінің тиімділігін арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және халықпен өзара байланысты нығайту бағыттарына да назар аударылды.
Аңсаған Балтабеков құқық қорғау органдары қызметінің өзегінде «Заң мен тәртіп» қағидасы тұруы қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, басшылық құрамға бағынысты қызметкерлердің жұмысына жүйелі бақылау жүргізіп, қызметтік тәртіпті нығайту қажеттігі жеткізілді.
Кездесу кезінде Алматы тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешуде жеделдік пен нақты нәтижеге басымдық беру, сонымен қатар полицияға деген қоғамдық сенімді одан әрі арттырудың маңызына тоқталды.
Сапар қорытындысында «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, Ұлттық ұланмен бірлескен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью