Заң мен тәртіп : Астанада Екі ғұмыр спектаклі қойылды

09.02.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астанада Музыкалық жас көрермен театры «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Екі ғұмыр» спектаклін ұсынды. Қойылымды көрермендермен бірге елорданың спортшылары тамашалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Драма жанрындағы туынды жуырда түбегейлі жаңартылды. Пьесаға өзгерістер енгізілді. Былайша айтқанда, мәтінге өңдеу жүргізілді. Ал әсерін күшейту үшін музыкалық хор қосылды.
Авторлары Қолқанат Мұрат пен Асхат Молдағали бүгінгі өзекті тақырып нашақорлық мәселесі мен жастар өмірін шығармаға арқау етті. Ал сахналық нұсқасын туындының қоюшы режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров жасады. Режиссері – Бауыржан Нұрбай. Бұл қойылым ар-ождан мен шындықтың, адам мен ортаның арасындағы шынайы қақтығысты суреттейді.

«Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты қолға алынды. Бұл бағдарлама әрбір салада өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келе жатыр. Ал театр, кино болсын сол арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосуымыз керек. Спектакльдің қозғайтыны да – бүгінгі қоғам дертіне айналған нашақорлық мәселесі. «Екі ғұмырда» нашақорлыққа ұшыраған бір отбасы мүшелерінің тағдыры арқау етілген. Ұл немесе қыз нашаға тәуелді болса, әкенің жағдайы қалай болады, ананың ішкі өкініші, жансарайындағы тебіреніс, толғанысы қалай болады? Спектакль осы жөнінде сыр тарқатады. Қоғамды тек қана рухы биік өскелең ұрпақ алға қарай жетелеп отырады. Жастар салауатты өмір салтымен қаруланып, олардың бойында адамгершілік, асыл қасиеттер болған жағдайда ғана еліміз биік белестерді бағындырады. Спектакль осындай идеяны үндейді», – дейді қойылымның қоюшы режиссері Асхат Маемиров.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью