Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Депутаттың сөзінше, бірпалаталы парламентті пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастыру партиялық-саяси пікірталастың сапасын арттырып, қоғам мен билік арасындағы диалогты күшейтеді.
– Пропорционалды негізде құрылатын бірпалаталы парламент саяси партиялардың ықпалын арттырады. Көппартиялы өкілдік – демократияның басты көрсеткіші әрі саяси жүйенің тұрақтылығының берік негізі, - деді Магеррам Магеррамов.
Депутат сондай-ақ жаңа парламенттік жүйе заң шығарушы органның ықпалын күшейтетінін және саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін, ал «Заң мен Тәртіп» қағидатын Конституцияда бекіту азаматтардың құқықтарымен міндеттерінің теңгерімді үйлесімін қалыптастыратынын атап өтті.
– Заң тәртіпсіз күшін жоғалтады, ал заңсыз тәртіп озбырлыққа айналады. Сондықтан «Заңмен Тәртіп» – әділетті қоғамның ажырамас құрамдас бөліктері және азаматтардың қауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілі, - деп нақтылады ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қоршаған ортаны қорғау бойынша Конституцияның екі бабын өзгерту ұсынылды.