Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Сапар барысында қонақтарға қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындауда қолданылатын заманауи қару-жарақ, әскери техника және арнайы жабдықтар таныстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Делегация мерзімді қызметтегі сарбаздардың тұрмыс-тіршілігін, оқу және демалыс жағдайларын көріп, дайындық сыныптары мен казарма ғимараттарын аралады.
Әскери бөлім музейінде Конституциялық сот өкілдеріне құқықтық тәртіп әскерлерінің тарихы, олардың қалыптасу және даму кезеңдері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Ұлттық ұланның конституциялық құрылысты қамтамасыз ету, ел егемендігін қорғау және мемлекеттілікті нығайтудағы рөлі жөнінде ақпарат ұсынылды.
Конституциялық сот өкілдерінің Ұлттық ұланға сапары мемлекеттік институттар арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
Іс-шара ҚР Конституциясын, қоғамдық қауіпсіздік пен елдегі тұрақтылықты қорғау сынды абыройлы міндет жүктелген құқықтық тәртіп әскерлерінің айрықша рөлін айқындады.
Айта кетейік, 5573 әскери бөлімінің 1000-нан астам әскери қызметшісі күн сайын Астана қаласының қоғамдық тәртібі мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, елордадағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосып келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.