Заң мен тәртіп: тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

28.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Еліміздің көлік прокуратурасы мен полиция қызметкерлері республикалық деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Мамандар әрбір вокзал мен пойыз вагондарында арнайы құқықтық парақшалар таратты. Онда қарапайым ережелерден бастап, қылмыстық жауапкершілікке дейін егжей-тегжейлі жазылған. Өйткені «білместік» жауапкершіліктен құтқармайды. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы қаруды заңсыз сақтау мен тасымалдаудың 213 дерегі тіркелген. Ал жалған терроризм туралы хабарлама берген 15 адам заң алдында жауап берді. Теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өту фактілері де көп. 2025 жылы 46 мыңнан астам адам өз өмірін қатерге тіксе, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 3 мыңнан асты. Сонымен қатар қоғамдық орындарда мас күйінде болу да әкімшілік айыппұлға себеп болады.

Көшербай Ғасырбек, Астана көлік прокуратуратурасының прокуроры:

- «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында көлік прокуратурасы органдары көліктегі полициямен бірлесіп, елдің барлық өңірлерін қамтитын республикалық деңгейде ауқымды құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және көлік инфрақұрылымы объектілерінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Халыққа көлікте жиі жасалатын құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары түсіндіру жұмыстары басты назарда.

Максим Ворон, Астана 1 станциясының полиция бөлімшесінің бастығы:

- Алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Сондай-ақ бізде жолсеріктермен бірлесіп, азаматтармен жұмыс істейтін сүйемелдеу қызметкерлері бар. Жақын маңдағы желілік полиция пункттерінде көлік полициясы кезекшілік етеді. Олар  жедел әрекет етіп, мұндай жолаушыларды пойыздан түсіріп алады және жауапкершілікке тартады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью