Заң мен тәртіп тұрақтылық пен дамудың негізі

30.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы жарияланды. Президент өз сөзінде еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі даму бағыттарын айқындап, алдымызға ауқымды міндеттер қойды.

Жолдаудағы ең өзекті бағыттардың бірі – «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мәселесі.

Кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі, ең алдымен, заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке тікелей байланысты. Заң алдында бәрінің тең болуы және құқықтық мәдениеттің жоғары болуы – дамыған қоғамның басты белгісі. Мемлекет басшысы атап өткендей, заңсыздық пен тәртіпсіздік орын алған жерде ешқандай реформа жүзеге аспайды және экономикалық ілгерілеу де болмайды.

Білім ордасында болашақ мамандарды, ел тірегі болар жастарды тәрбиелеп отырғандықтан, біз студенттер бойында құқықтық сана мен жауапкершілікті қалыптастыруға ерекше мән беруіміз керек. Әрбір азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өзгелердің құқығын құрметтеуді, заң талаптарын бұлжытпай орындауды күнделікті әдетке айналдыруы тиіс.

Әділетті Қазақстанды құру жолында заң мен тәртіптің сақталуына, қоғамда құқықтық мәдениеттің артуына өз үлесімізді қосу – ортақ міндетіміз.

Шынар Қанафьева, 

шығыстану факультеті

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доцент міндетін атқарушы, PhD

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью