Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
«Қазақстан Әділеттің, Заң мен тәртіптің мекені, еңбекқор адамдардың елі болуға тиіс. Заң үстемдігі мен жасампаз еңбек жоғары тұрмыстық мәдениет идеологиясымен астасып жатуы керек». Президент Ұлттық құрылтай отырысында осылай деді.
Әрине, «Отан отбасынан басталады». Осы тұрғыдан келгенде үйдегі тәрбиені күшейткен жөн. Әрбір отбасында Отанды сүю, қоғам игілігіне қалтқысыз қызмет ету құндылықтары күнделікті айтылуы керек. Және айтып қана қоймай, әр ата-ана өз ісімен баласына үлгі болуға тиіс деген ойды айғарамыз Президент сөзінен. Бұл жағынан келгенде Мемлекет басшысы іргелі институттарды күшейтуге баса назар аударуымыз керектігін айтты. Жалпы, отбасы институтынан бөлек, қоғамның іргетасын қалайтын тағы бірнеше құндылық бар. Бастысы – заң үстемдігі, әділдік салтанаты. Барлық салада заң талабы сақталу қажет.