Заң шығару саласындағы өзгеріс

22.01.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ұлттық құрылтайдың V отырысы еліміздің саяси саласын­да­ғы институционалды өзгерістерімен ел тарихында қалады. Себебі бірін­шіден, екі маңызды қызметті – заң шығару мен халық атынан өкілдік етуді біріктіретін Парламентке қатысты өзгерістер қан­дай болады деген сұраққа жауап алынды. Нәтижесінде, бір палаталы Пар­ламентке «Құрылтай» атауын беру, оның құрамын 145 депу­тат­тан және 8 тұрақты комитеттен қалыптастыру ұсынылды.

Сурет: kyn.kz

Қазақтың саяси-тарихи дәстү­рінде құрылтай ұжым­дық тал­қылау, келісімге келу және қабыл­данған шешім­дерді заңдас­ты­румен астасады. Осы атауды кеңесші сипа­тындағы емес, міндетті заңдар қабылдайтын органға беру ұлттық саяси дәстүрді қазіргі заманғы өкілді демократиямен ұштастыруға деген ұмтылысты білдіреді. Тарихи атауларды қол­дану да әлемдік тәжірибеде кең таралған.

Құрылтайдағы заң қабылдау­дың үш кезеңнен тұратын тәртібі де ерекше назар аудартады. Ұсынылып отырған модель бо­йынша заң жобасы алдымен жалпы тұжырымдамалық тұрғыдан мақұлданады, кейін түзе­тулер жан-жақты талқыланып, нақ­тылана­ды, содан соң ғана заң түп­кілікті қабыл­данады. Яғни екі­ палаталы жүйедегідей ұзақ бюро­кра­тиялық тізбектен өтпей­­ді. Мұн­дай тәсіл көптеген бір палаталы пар­ламенттерге тән. Нәтижесінде, заң ­шы­ғару үдерісі шешім қабылдау ке­зеңдерін нақты бөлу арқылы жедел­­дейді, ал заңнаманың сапасы мен бол­жамдылығы басымдыққа ие болады.

Депутаттар санын 145-пен шектеу ұсынылды. Бірақ Пар­ла­мент жұмысының тиімділігі депутаттар санына ғана емес, өкілеттіктердің нақты бөлінуіне, заң шығару қызме­тінің кәсіби­лен­уіне байланыс­ты. Осы кон­текс­те президенттік квотаны алып тас­тау – Парламенттің институ­ционалдық дербестігін күшей­­тетін маңызды қадам. Соны­мен қатар әйелдер, жас­тар және мүге­дектігі бар адам­дар­ға квоталар­дың сақ­­талуы әлеу­меттік теңдік мен инклю­зивтілікке бағытталған сая­сатты көрсетеді.

Тағы бір маңызды ұсыныстың бірі – Парламенттің негізгі мем­лекеттік институттарды қалып­тастырудағы өкі­летінің кеңеюі. Конституция­лық сот,­ Жоғары аудиторлық палата мен­ Орталық сайлау комиссия­сы мү­ше­лерін тағайындау тек Пар­­­ламенттің келісімімен жү­зеге асы­­ру ұсынылды. Бұған қоса, депутат­тар Президенттің ұсынуымен Жо­ғар­­ғы сот судья­­ларын сайлау өкілет­тігі­не ие болады. Осы өзгерістер билік тар­­мақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйе­сін күшейтіп, ық­­пал­ды Пар­ламенттің рөлін арттырады.

Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрыл­тайдың орнына Халық кеңесінің құрылуы айтылды. Ескеру керек тұсы – оның заң шығару бастамасы құқығына ие болуы. Бұл деге­німіз қоғамдық сұранысты инсти­туционалдық деңгейде бекі­тіп, оны ресми заңнамалық үдерістің бір бөлігіне айналдыруды білдіреді.

Халық кеңесі Парламентті алмастырмайды. Мұндай ұқсас те­тіктер әртүрлі елдерде бар. Мысалы, Еуропалық одақ елін­дегі азамат­тық ассамблеялар жұ­мыс істейді. Олардың негізгі мақ­саты – қоғамдық белсенділікті инсти­туционалдық арнаға бағыт­тау.

Жалпы алғанда, ұсынылған өзге­рістер заманауи парламен­та­ризмді, ұлттық-тарихи символи­каны, қоғамдық қатысудың инсти­туцио­налдандырылған те­тік­­­терін және саяси тұрақ­тылық механизмдерін өзара ұштасты­рады. Аталған өзгерістер мен ұсыныстардың қабылдануы жал­пы­халықтық референдумға байланысты болатыны есте болу керек.

Әйгерім АБДРАШИТОВА,

Президент жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы 

Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Digital • Бүгін, 10:13

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью