24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Елде қылмыс азайып келеді. Ішкі істер министрлігінің дерегіне сай, ауыр және аса ауыр қылмыстар, соның ішінде адам өлтіру, ауыр дене жарақатын салу, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық және басқа да қылмыс статистикасы айтарлықтай төмендеген.
2025 жылдың қорытындысы бойынша, қылмыс саны 6 мыңға қысқарған. Аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 98 пайызға жетті. 17 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. 2700-ден астам қылмыс ашылды. 2025 жылы полиция іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам адамды ұстады, сондай-ақ жоғалған 20 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталып, олар отбасыларына қайтарылды. Жәбірленушілердің құқығы қорғалып, 60 млрд теңге шығындары өтелді.
2025 ж. қылмыс саны 6 мыңға қысқарды
Аса ауыр қылмыстарды ашу - 98%
Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолы кесілді - 17 млн
Өткен жылдардағы қылмыстар ашылды - 2700
Іздеуде жүрген адамдар ұсталды - 1600
Жоғалған адамдар отбасына қайтарылды - 20 000